Коронавирусқа қарсы вакцина жыл сайын салынуы мүмкін

2525
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Covid-19 вирусына қарсы салынатын вакцинаны қаншалықты жиі алу керектігі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Министр вакцина өндірушілердің өзі әлі вакцинаның адам бойына қанша уақыт тұрақтайтынын нақты білмейтіндігін айтты. Цой осыған байланысты вакцинаны маусым сайын алуды дұрыс деп санады.

“Қазіргі таңда өндірушілер вакцинаның салу жиілігін анықтауда. Біз вакцинаны ақпан айынан бастап салып жатырмыз. Осы уақытқа дейін салған вакциналар қайта вакцинациялауды талап етпейді. Өндірушілер вакцина жиілігін нақтылағаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина тұмауға қарсы вакцина сияқты маусымдық болуы мүмкін. Егер коронавирустан құтылсақ, тіпті вакцина салу мүлдем керек болмауы керек”, – дейді Цой.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер