Банк шоттарынан 1 млн 300 мың теңге ұрлаған

2327
Adyrna.kz Telegram

Мамыр айында Ақтөбе облысында полицияға бірнеше адам банк шоттарынан ақшаларының бір бөлігі жоғалып кеткендігі туралы арызданған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Полиция қызметкерлері тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қаржы мекемесінің 21 жастағы операторын анықтап, ұстады.

Күдікті үш ай бойы  4 салымшының шоттарынан қолма-қол ақша жымқырған. Салымшылар ақшаның жоғалғанын байқамауы үшін күдікті ақшаны 30 мың теңгеден бөліп-бөліп шешіп алған.

Жалпы алғанда күдікті жәбірленушілердің шотынан  1 млн 300 мың теңге көлемінде ақшаны иемденген. Ұрланған ақшаны жас жігіт букмекерлік кеңселердегі құмар ойынға тіккен.

Барлық деректер негізінде қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер