Елімізде телеарналар мен радиолар уақытша хабар таратуын тоқтатады

545

Еліміздің бірқатар өңірінде телерадио хабар таратуын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Қазтелерадио» АҚ сайтына сілтеме жасап.

«2021 жылғы маусымда Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары, сондай-ақ Алматы қаласының кейбір радиотелевизиялық станцияларында аналогты эфирлік телехабар тарату жабдығын бұзып-бөлшектеу жұмыстары басталады», - делінген сайт хабараламасында.

Сонымен қатар жұмыстарды айына 5 күннен асырмай аяқтау жоспарланып отыр.

«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сall-орталыққа мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7(727) 2 581 500. Сондай-ақ abonent@otautv.kz электрон поштасына хабарлама жіберуге болады», - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы