Цой үш түрлі сценарий-болжамын айтты

4058
Adyrna.kz Telegram

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға вакцинациялау жұмыстарын қарқынды жүргізуді тапсырды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдайдың үш түрлі сценарийін таныстырды. Министрдің айтуынша, ведомство эпидемиологиялық болжамын жаңартқан.

Пессимистік сценарий бойынша вакцинациялау тиімділігі 60%-ды құраса, маусым-қыркүйек айларында коронавирус жұқтырғандар саны 95 мыңға жуықтайды.

Реалистік сценарий бойынша вакцинациялау тиімділігі 80%-ды құраса, маусым-қыркүйек айларында науқастар саны 69 мың адамға жетеді.

Оптимистік сценарий бойынша вакцинациялау тиімділігі 95%-ды құраса, маусым-қыркүйек айларында 61 мыңға жуық адам індетке шалдығады деп болжам жасалуда.

Жиында Асқар Мамин бүгінге дейін Қазақстанда екпенің бірінші компонентін 2 млн-нан астам, екінші компонентін 1 млн-ға жуық адам алғанын жеткізді.

 «Адырна» ұлттық порталы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер