Қостанайға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида БАЛАЕВА іс-сапармен келді

1808
Adyrna.kz Telegram
фото kstnews.kz сайтынан алынды
фото kstnews.kz сайтынан алынды

Құрметті қонақты әуежайда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бастаған облыс әкімдігінің өкілдері қарсы алды.

Аида Ғалымқызы Қостанай облыстық радио және телеарнаның 60 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Іс – шара барысында дирекцияның 14 қызметкері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет грамоталарымен, тоғыз адам облыс әкімінің грамоталарымен марапатталды.

Бұдан кейін министр облыстық телеорталыққа барып, облыстық радио және телевидение дирекциясының жұмысымен, қызметкерлердің еңбек жағдайымен және ҚР эфирлік хабар таратуды цифрлық форматқа көшіру арнасындағы техникалық жаңалықтармен танысты.

- Қостанайға келу мен үшін әрқашан ерекше оқиға. Филиалдық желінің дамуы әрдайым облыс басшылығына байланысты, сондықтан Қостанай филиалының бұл жағынан жолы болды деп айта аламын. Филиал ұжымын 60 жылдығымен құттықтаймын. Қостанай елімізде алғашқылардың бірі болып эфирлік телевизияны цифрлық форматқа көшіруді аяқтады, әрі қарай да жақсы нәтижелер болатынына сенемін, - деді Аида Балаева.

Министр Дирекция ардагерлері Владимир Марарға ("Еңбек ардагері" медалі) және Мұрат Молдахметовке ("Ақпарат саласының үздігі") төсбелгілерін табыс етті. Владимир Васильевич "Қазтелерадио" АҚ-да 49 жыл жұмыс істеген. Ол өз мансабын небәрі 18 жасында қарапайым монтер лауазымынан бастаған. Байланыс ардагері Мұрат Молдахметовтың да тәжірибесі аз емес.

Сондай-ақ, Министрліктің және облыс әкімінің грамоталары РТС инженерлеріне, техниктеріне, объект бойынша кезекшілерге, Лисаков, Жітіқара, Арқалық, Қостанай, аудандарынан антенна-мачтовиктерге, экономистерге, әкімшілік персоналға берілді.

Пікірлер