23 жасар қыз анасын соққыға алған

3565
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысы Бурабай ауданында полицейлер анасын ұрған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, –деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 1 мамыр күні Бурабай ауданының Пб-нің кезекші бөліміне Щучинск қаласының 40 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Әйел 23 жастағы қызы оған дене жарақатын салғанын хабарлады. Кейінірек қызы қылмыс жасағанын мойындады»,— делінген хабарламада.

Тергеу барысында жанжалдың себебі қызғаныш болғандығы анықталды. Әйел өзімен бірге тұратын ер адамын қызынан қызғанған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлімі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер