Қазақстанда танымал әлеуметтік желі бұғатталды

2964
Adyrna.kz Telegram

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал әлеуметтік желінің не үшін бұғатталғанына түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

"Pinterest сайтына қатысты айтарымыз, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 13 қаңтарындағы бұйрығына орай аталған интернет-ресурсты қолдануға шектеу қойылды. Бұған себеп - желі арқылы заңға қайшы интернет-казинолардың жарнамаларының таралуы. Pinterest.com сайтын бұғаттауға негіз болған барлық материалдар әлі алынбады, яғни заңбұзушылық әрекеттері түзетілмеді", - деді министрлік өкілдері.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері сайт тарапына бірнеше рет ескерту жолданғанын атап өтті. Бұған қоса, олар Pinterest-тің мобильді қосымшасы Қазақстанда жұмыс қалыпты жұмыс істеп тұрғаны жеткізді.

Айта кетейік, Pinterest  - қолданушыларға суреттерді желіге жүктеуге, оларды тақырыптарына сәйкес жинақтарға енгізуге және басқа қолданушылармен бөлісуге мүмкіндік беретін әлеуметтік интернет желісі, фотохостингі. Бұл ресурс дизайнерлер арасында кеңінен танымал.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер