7 айда 500 миллион шақырымға ұшып барған Perseverance аппараты Марстан кислород тапты

5468
Adyrna.kz Telegram
Ғылым мен ғарыш технологиясындағы сенсация!
Мынау жаңалықты оқымасаңыздар күнәхар боласыздар!
NASA ғарыш орталығының осыдан 7 ай бұрын Марсқа ұшырған планетааралық Perseverance аппаратының арнайы зерттеу құрылғысы Марста оттегінің барын анықтап, инженер-конструкторларды тағы да қуантты.
Perseverance аппараты 7 айда 500 миллион шақырым қашықтық жолды бағындырған. Аппарат Марсқа қонғаннан кейін байланыс жоғалып кетіп, 7 минуттан кейін қайтадан іске қосылған. Perseverance аппараты Марсқа аттанған 9-шы аппарат екен. Аппараттың ғарыш кеңістігіндегі сағатына 19 312 км/сағ жылдамдықпен ұшқан.
Бұл ақпаратты www.nasa.gov (NASA’s Perseverance Mars Rover Extracts First Oxygen from Red Planet) сайтында Америка ғарыш агенттігі хабарлады.
Марстағы оттегіні (Химиялық элементтердің 16 тобында орналасқан) MOXIE атты тәжірибеден өткен құрылғының көмегімен бөлініп, анықталған. MOXIE құрылғысының жіберген мәліметтеріне сәйкес, Марста да оттегіні сақтауға болады деген тұжырымға келіп отыр NASA ғарыш орталығының мамандары.
Құрылғы қазір 5 гр-ға дейін кислород мөлшерін бөліп алып, өз ыдысында сақтап отыр. Бұл бір ғарышкердің 10 минуттай тыныс алуына көмектесе алады екен. MOXIE құрылғысы бір сағаттың ішінде 10 гр дейін оттегі өндіре алады дейді мамандар.
Бұл ғылымдағы сенсация болды. Миллиондаған америкалықтар мен дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі халықтар уайымдап, аппараттың аман-есен хабар жеткізгенін түннің ортасында отырып тамашалады. Әсіресе Америка жастары түннің ортасында қалпақтарын көкке атып қуанды.
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер