"100 компания" және миллиард туралы. Бауыржан Байбектің ашық сұхбаты жарияланды

3933
Adyrna.kz Telegram

Алматының экс-әкімі, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек YouTube-тағы үлкен сұхбатында оппозициялық белсенді Жанболат Мамайдың өзіне тағылған айыптауларға, қауесеттерге қатысты пікір білдірді. Сондай қауесеттің бірі – “Иелігінде 100 компаниясы бар миллиардер” деген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, дереккөзге сілтеме жасап.

Бұл қауесетті журналист және қоғам белсендісі Жанболат Мамай өз сөзінде де келтіреді.

Байбек Алматы қаласының әкімі болған кезде келесі күні “Байбектің отбасында қандай иеліктер бар” деген мақала жарияланғанын еске түсірді.

Онда менің отбасым мүшелерімнің аты аталатын компаниялардың атауы берілген. Тағайындала салып, ертеңінде шықты осындай мақала, біреулер тез әрекет етті. Сірә, сол адамдар менің Алматы қаласының әкімі болатынымды алдын ала біліп, мақала әзірлеп, оны дер кезінде шығаруға тырысқан. Айтайын дегенім, Жанболат Мамай айтып отырған компаниялардың барлығы Алматы әкімі болмай тұрғанда құрылған. Бұл компаниялардың ешқайсысы да Алматыға байланысты емес. Осы жолғысы. Содан кейін төрт жылдан соң мен Алматы қаласының әкімі қызметінен кеткенімде Uzun Qulaq телеграмма каналы дәл сол мәліметтерді келтіріп, бірақ соңында: “Байбек – доллары көп миллиардер” деп көрсете кетіпті, – деді Байбек Тәңірберген Бердоңғарға берген сұқбатында.

Мамай Байбек 100-ге жуық компаниядан тұратын бизнес-империя құрды деп баса айтты. Бірақ, ол бұл көрсеткіштің “тым” әсіре көрсетілгенін жеткізді.

Бұл тізім ішінде тек 10-ға жуық компания менің отбасыма тиесілі деп айта аламын. Оны жоққа шығармаймын. Мұның бәрі жария жүргізіледі, ресми ақпарат көздерінен мәліметтерді табуға болады, салықтары уақтылы төленеді, – деп түсіндірді ол.

Байбектің айтуынша, аталған компаниялардың жартысы банкротқа ұшыраған.

Бизнес – тәуекел. Сіз тәуекел етіп, бизнес ашасыз, ол бірде болады, бірде болмай қалады. Менің отбасымның бір де біреуі мемлекеттік қызметте жұмыс істемейді. Бұл компаниялар жекешелендіруге қатысқан жоқ, кейбір кәсіпорындарды арзанға сатып алған жоқ. Бұл – интеллектуалды кәсіпорындар және олардың Алматыдағы қызметіме еш байланысы жоқ, бұл ең бастысы. Ол жерде ірі жобалар жоқ.

Өтірік бұлай ашықтан ашық жала жабу деген ешқандай шеңберге сыймайтын нәрсе. Әр адам өзінің ар-ожданы мен көп алдында жауап береді. Мені шындықты айтуға, әрдайым жақсылыққа жақсылықпен жауап беруге.

Ақты ақ, қараны қара деп айтуға, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарап, шешім қабылдауды үйретті. Елбасы әрқашан осылай үйрететін. Шешім қабылдадың ба, ол үшін соңына дейін жауап беру керек деп, – дейді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер