ҰБТ - өтініш беру басталды

3612
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Ұлттық тестілеу орталығына» сілтеме жасап.

Өтінімді қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын және өтетін орнын өз еркімен таңдауға болады.

15 сәуірден бастап ҰБТ тапсыру үшін бірінші мүмкіндіктің датасын, ал 1 мамырдан бастап екінші мүмкіндіктің датасын таңдау мүмкіндігі беріледі. Тестілеудің өзі 25 сәуір - 30 маусым аралығында өтеді.

Аталған кезеңде ҰБТ-ға 2 рет қатысуға болады және жинаған ең жоғары балмен білім беру грантын тағайындау конкурсына түсе аласыз. Биылғы - 2021 жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер