Президент спортшылардың жан айқайын естісе екен

4134
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталының редакциясына Нұр-Сұлтан қаласындағы №4 Олимпиадалық резерв спорт мектебінің ұжымы қолдау сұрап, хат жолдапты. Ұжым өкілдерінің айтуынша, түрлі мекеме тарапынан жыл бойы үздіксіз жүргізілген тексерулер спорт мектебінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіріп жатқан көрінеді. Осы мәселеге байланысты президент Қ.Тоқаевқа хат жолдаған спорт мектебінің ұжымы ендігі бар үміттері тек президентте екенін айтады. Төменде ұжымның хатын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Құрметті Қасым Жомарт Кемелұлы!

Біз Нұрсұлтан қаласының №4 Олимпиадалық резерв спорт мектебінің ұжымы біздің мекемеде көп уақыттан бері болып жатқан үмітсіздік пен озбырлықтан құтқаруды сұрап, өзіңізге хат жолдап отырмыз. Біздің спорт мектебімізге Нұр-Сұлтан қаласының спорт басқармасынан тұрақты жыл бойы тұрақты негізде тексерулер жүргізілді. Тексеру жұмыстары еш тоқтар емес. Қолымызда бар құжаттарымыздың талапқа сай екеніне қарамастан, біздің спорт мектеппен қазіргі кезде соттасып жатқан мекеме тексеру жұмыстарын үдете түсуде.

Осыған байланысты сізден көмек сұрап және қалыптасқан жағдайға объективті баға алу үшін жүгініп отырмыз. Бізді Нұр-Сұлтан қаласының сотында іс бойынша жауапкер болып табылатын мүдделі тұлғалар тексеруде. Біз бірнеше рет Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке лауазымды тұлғалардың мемлекеттік бюджетті жұмсау фактісі бойынша жүгіндік, осы факт бойынша аудиторлық тексерулердің қорытындылары бар, бұл факт расталды, бірақ әлі күнге дейін ешқандай шешім жоқ. Төрт ай бойы біздің шағымымызды Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері елемей отыр. Әлі күнге дейін шешім қабылданған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен экономикалық тергеу қызметі бұл ретте материалды бір - біріне итеріп тастауда. Сізден ел президенті ретінде мәселемізді шешіп беруге және мынадай заңсыз әрекеттерге тосқауыл қоюды сұрап хат жолдап отырмыз.

 

Пікірлер