«Ешкімге де, ештеңеге де сенбейтін болдық»

2689
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық порталы таяуда ғана Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы медицина саласына қатысты келеңсіз жайттар туралы жазғаны мәлім. Өкінішке қарай, ақпарат құралында жарық көрген проблема шешілудің орнына, керісінше шиеленісіп бара жатқан сияқты. Редакциямызға хабарласқан байқоңырлық Галифа Дарбузова қазіргі жағдай туралы арнайы хабарлады. Төменде автордың жазбасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Кейбiреулерiңіз мен көтерген мәселенің немен аяқталғанын білгім келеді, жауап күтемін депсiздер. Түсінгендеріңізге көп рақмет. Бiр апта уақыт өтті .Комиссия келдi.  Шыны керек, бiздiң айқай-шуымызға  келдi ме немесе бас дәрігер өзі шақырды ма, түсінбей қалдық.  Комиссия келгенде бiзде үміт пен сенім пайда болып едi. Сол күні түскі асқа барып келгеннен-ақ олардың көзбояушылық үшін  келгенiне көз жеткіздік. Бiз көтерген сыбайластық мәселесі  жабулы қазан күйінде қалды. Ауруханада болып жатқан келеңсіз жағдайлардың болып жатқанын облыс әкімінің алдында көтеріп жүрген Ардагерлер кеңесінің төрағасы болатын. Бас дәрігер ол кiсiнiң ауырып жатқанын пайдаланып,  өзіне жақын, сөзін сөйлейтін «ардагер сымақтарды» жинап келіпті. Комиссияға өзін жақтатып, «Ұят болмасын» деп сөзін сөйлетті.  Шаруашылық саласындағы кемшiлiктерді тексеруге келген комиссия түсініктеме жазыңдар ,бiрақ бас дәрігерлерімен ақылдасып,келiсiп жазыңдар деді. Осыдан кейiн олардан не үміт, не қайыр? Ендi қазір Әділхан Жандос өзінің орынбасарына, бас медбикесiне әртүрлі iс-қимылдарды пайдаланып, өзінің атына жұмыскерлерден қолдау хатқа қол жинап жатыр. Пайдасы тиiп қала ма деп жатқан шығар, мүмкін. Облздравтан үміт жоқ. Бас дәрігер өткенде: «мен С. Пазыловқа пысқырмаймын»,-деген. Шын секілді. Этика қайда? Облыс әкімінің атына жала жапты,кiр келтiрдi, бәрі  бос қалды! Қандай шешім болады ,не шешiледi,осылай қазанның аузы жабылған күйі қала бере ме? Біз ештеңеге сенбей қалдық».

Галифа ДАРБУЗОВА,

Байқоңыр қаласының тұрғыны.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер