Алматыда аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Спортшының қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралуда.
"Алмалы аудандық сотында ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралу үстінде", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Қуат Хамитов қала үстімен ұшып жүрген тікұшақтарды атуға және дезинфекция жасап жүрген жандарды ұруға шақырған болатын.
«Адырна» ұлттық порталы