«Оқжетпес» футбол клубының директоры қайтыс болды

1661

«Оқжетпес» футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қайғылы хабар клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

«Оқжетпес» футбол клубының ұжымы «Оқжетпес» футбол клубының директоры Бөтембаев Ерлан Дүйсенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады»,-делінген хабарламада.

Ерлан Бөтембаев 1974 жылдың 17 қарашасында туған. Щучье педагогикалық колледжін «дене шынықтыру, спорттық клубтар мен үйірмелерді ұйымдастырушы», Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін «құқықтану», «Көкше» академиясын «дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Ақмола облысының жастар күрес федерациясының атқарушы директоры, «Аралас жекпе-жек және джиу-джитсу республикалық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің спорт бойынша директоры, «Ақмола әуесқой бокс федерациясы» қоғамдық бірлестігінің директоры және «Бурабай» спорт сарайының директоры лауазымдарында болды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы