Егембердиев қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді (Видео)

3101
Adyrna.kz Telegram

Аралас жекпе-жектен Мәскеуде өткен АСА 115 турнирінде жартылай ауыр салмақта алаңға шыққан отандасымыз,  файтер Евгений Егембердиев қарсыласы британиялық Люк Барнатты ауыр нокаутқа түсірді.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған екен. Алайда бұл кездесу бірінші раундта аяқталды. Отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсірді. Қатты соққыдан есеңгіреген Барнатқа медицина қызметкерлері октаганда жәрдем көрсетті.

Егембердиевтің спорттағы жалпы карьерасында 12 жеңіс, үш жеңіліс бар.

Ал британиялық Барнат бұған дейінгі кездесулерінде 15 рет жеңіске жеткен. Тек, кейінгі бес кездесуі сәтсіз болып, осымен оныншы рет жеңіліс дәмін татты.

 

 

Ұларбек Дәлейұлы

Пікірлер