Бокстан Қазақстан біріншілігінің жүлде қоры белгіленді

3027
Adyrna.kz Telegram

Бокстан Шымкент қаласында өтетін Қазақстан біріншілігінің жүлде қоры белгіленді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан бокс федерациясының басшылығы турнирді өткізуге 20 миллион теңге бөлген.  Алтын медаль иегерлері 500 мың, күміс жүлдегерлер 300 мың, қола жүлдегерлер 100 мың теңге көлемінде сыйақы алады.

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан чемпионатында алғаш рет ерлер мен қоса әйелдер де бақ сынайды.

Пікірлер