Головкин шаршы алаңға қашан шығады?

3039
Adyrna.kz Telegram

Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегіне қатысты ақпарат пайда болды,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Жерлесіміз желтоқсанның 18-і не 19-ы АҚШ-та өнер көрсетеді. Ал оның қарсыласы - Камил Шеремета. Польшалық боксшы бүгінге дейін 21 жекпе-жек өтікізіп, барлығында жеңіске жеткен. Енді IBF тұжырымының талабы бойынша қос мықты кездесуі керек. Бұл бокс кешін қарашада ұйымдастыру жоспарланған. Бірақ қалыптасқан жағдайға байланысты уақыты өзгерді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин ең соңғы кездесуін бір жыл бұрын өткізді. Нью-Йорк қаласында украниналық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі чемпиондық белдікті иемденген болатын. Ал Камил Шеремета дәл осы бокс кешінде мексикалық Оскар Кортеспен жолығып, қарсыласын нокаутқа жіберді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер