Осы сағатта Алматының "Қайраты" сырт алаңда Израилдің "Маккаби" Хайфа командасымен ойнап жатыр. Ойынның бірінші бөлігінен кейін екі команда 1:1 есебімен тең түсуде.
"Қайрат" мынадай құраммен ойнауда: Покатилов, Сүйімбаев, Әлип, Дугалич, Әбікен, Миканович, Айымбетов, Гуральски, Косович, Алықұлов, Вагнер Лав.
Ал Қызылорданың "Қайсары" мен Нұр-Сұлтанның "Астана" командасы еуробуоктық ойындарын аяқты. "Қайсар" Кипрдің АПОЕЛ командасынан 1:4 есебімен ойсырай жеңілсе, "Астана" Черногориялық "Будучностқа" жол берді. Есеп – 0:1.
Еуропа лигасының екінші іріктеуі басталар алдында барлық мамандар "Қайсарға" жеребе жолдас болмады деген-ді. Айтқаны айдай келді. Ал "Астанадан" тек қана жеңіс күткенімен, үмітті желге ұшырды. Негізгі құрамына бірде-бір қазақ қоспаған "Астана" бәрібір ұтылып қалды.
"Астананың" негізгі құрамы: Эрич, Шимунович, Постников, Радакович, Шомко, Маевский, Сигурьонссон, Эбонг, Ротариу, Сотириу, Барсегян.
"Қайсардың" негізгі құрамы: Заруцкий, Әмирсеитов, Граф, Марочкин, Қайыров, Битанг, Нәрзілдаев, Тағыберген, Федин, Лобжанидзе, Колев
"Адырна" ұлттық порталы