Путинцева Қазақстан үшін тарихи кездесуде жеңіліп қалды

2024
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық Юлия Путинцева АҚШ-тың теннистен ашық чемпионатында (US Open) жартылай финалға шыға алмай қалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі  Vesti.kz - ке сілтеме жасап.

Турнир Нью-Йоркте өтіп жатыр.

1/4 финалда Путинцева (23-ракетка) әлемнің 41-ракеткасы америкалық Дженнифер Брэйдимен кездесті және 3:6, 2:6 есебімен екі сетте жеңіліп қалды. Теннисшілер бір сағат сегіз минут ойнады. Жеке қарсыласуда 2-1 есебімен қазақстандық алда келеді.

Айта кетейік, Путинцева алғаш рет US Open ширек финалына шыққан. Бұған дейін бұл турнирде 1/8 финалға дейін жеткен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер