Пандемия кезеңі технологиялық компаниялар үшін табысты болды

2421
Adyrna.kz Telegram

Amazon, Apple, Facebook және Google компанияларының тоқсан сайынғы кірісі 28,6 млрд долларға жетті.

Amazon, Apple, Facebook және Google ірі технологиялық компаниялары АҚШ Конгресінде антимонополиялық жұмыстарға байланысты екінші тоқсандағы кірістер туралы есептершоттарды жариялауды кейінге қалдырды, деп жазады The Verge. Құжаттарға сәйкес, алыптардың жалпы табысы 28,6 миллиард долларды құрады.

Компания тарихында тұңғыш рет Alphabet-тің кірісі ғана  2%-ға төмендеді. Себебі пайдаланушылар жарнамаға жұмсайтын шығындарын азайтқан. Әйтсе де, YouTube-тің кірісі 2019 жылы 3,6 миллиард доллардан 3,8 миллиард долларға дейін өсті.

Жарнама берушілердің бойкот жариялауына қарамастан, Facebook-тің табысы 18,7 миллиард долларға жетті. Amazon өзінің кірісін өткен жылы 2,6 миллиард доллардан 5,2 миллиард долларға дейін, ал Apple компаниясы 11,25 миллиард долларға дейін арттырған болатын.

Байқағанымыздай, қашықтан жұмыс істеу адамдарды интернетке тәуелді етуде. Ал бұл өз кезегінде технологиялық компаниялардың одан әрі дамуына әсер етеді.

Сарапшылар 2020 жылы шілде айында Безос, Цукерберг және Маск  115 миллиард доллар табады деп болжаған еді. Аталмыш компаниялардың бірінші басшыларының жеке кірістері кез-келген басқа саладағы директорлармен салыстырғанда анағұрлым тез өсуде. 2016 жылдан бастап олардың жалпы табысы екі есе артып, 1,4 трлн долларға жетті.

 

Аяулым ӘБІЛДА

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер