“Benediximus” компаниясының edugarden.kz, zhambyltipo.kz, eduschool.kz порталдары жайында
Жемқорлық белең алған елде қарапайым мектепке өтініш берудің өзі көк қағазбен шешіліп жатқан жағдайлар да аз емес. Осы мәселені түбімен жою үшін біраз бастамалар қолға алынды. Оның бірі өз мақсатына жетсе, бірі түрлі себеппен орта жолда өз жұмысын тоқтатып жатады. Бүгін ақпараттық технологиялар саласында нәтижелі жұмыстар көрсетіп жүрген “Benediximus” компаниясының жобаларымен танысып, директоры Абдешов Абзалдың цифрландыруға қатысты ойларымен бөлісетін боламыз.
Қазіргі таңда колледжге, мектепке, балабақшаға қабылдау бойынша электронды порталдар іскеқосылған. Оның айқын дәлелі ретінде компанияның мына жобаларын атай аламыз:
Колледжге қабылдау - zhambyltipo.kz
Мектепке қабылдау - eduschool.kz
Балабақшаға қабылдау - edugarden.kz
Абзал Абдешов - IT мамандарының жаңа толқынының жарқын өкілі. “Benediximus” ЖШС директоры өз жұмысында жобалардың сапасын бірінші орынға қоятын перспективалы команда жинай алды. Соңғы екі жыл ішінде компания 11 жобаны жүзеге асырды, атап айтқанда, білім беру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, IT орталықтар және интернет-ресурстар полтардарын құру.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың артықшылықтары қандай?
Цифрландыру біраз мәселені шешіп берері анық. Біріншіден, халықты бос әурешілікке салмай, үйде отырып-ақ ұялы байланыс арқылы қалаған мектебіне балабақшасына, кәсіптік білім беруге электронды түрде өтініш бере алады. Яғни уақыт үнемділігі, халықтың қолжетімділігі оңтайластырылған. Екіншіден, жемқорлықтың алдын алуға болады. Мәселен, мектептерде, балабақшаларда орынды сатып алу фактілері туралы сыбыстар көп. Ал порталдарда бәрі ашық түрде жүргізіледі. Білім беру мекемелеріндегі орындар барлығына бірдей уақытта жарияланып, бірдей қолжетімді болады. EduSchool порталындаата-аналар бөлінген орындар санын да порталдан бақылап отыра алады. Одан бөлек мектептіңқайда орналасқаны, басшысы кім екені, мектеп статусы жайлы ақпарат бар. Порталда басқа да мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Олар: сауықтыру лагеріне, тегін тамаққа, мектептен мектепке ауысуға, үйірмелерге өтініш беру.
Аталмыш порталдардардың басқа жобалардан артықшылығы қандай?
*Кәсіптік білім беру ұйымының ішкі жүйесі толық автоматтандырылған;
*Коллеждердегі емтихандардың барлығы осы порталда жүргізіледі;
*Студент емтиханнан шекті балл жинай алмаған жағдайда, қайта тапсыру мүмкіндігі, қойылған бағаны өзгерту қатаң түрде білім бөлімінің арнайы қарастыруымен ғана жүзеге асады. Арнайы комиссия құрылады;
*Онлайн платформа ретінде сабақ жүргізіледі;
*Лекциялар жүктеліп, студент 1 апта көлемінде қайта көре алады;
*Мұғаліммен тікелей чатқа шығу мүмкіндігі бар;
*Журналға баға қойылып, сабақ кестесін электрондық жүйеде көре алады, сонымен қатар студентті ата-анасы бақылай алуы үшін сабақ үлгерімін, қатысуын алған бағасын толық бақылауға мүмкіндік бар.
Компанияның цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында өткізген шаралары
Абзал мамандығы бойынша заң қызметкері. Заңгер ақпараттық салада қалай жүр деуіңізмүмкін. “Бала кезімнен технологияға, компьютерге қызығатынмын. Уақыт өте келе үзеңгілестерім жан-жақты тәжірибемді, қабілеттерімді ескере отырып, осы қызметті ұсынған болатын. Компанияның басқару, аналитикалық жұмыстары толықтай менің мойнымда. Ал порталдың техникалық бөлігіне директордың орынбасары Абылай Сұлтанбекжауапты” дейді Абзал.
Әр портал бойынша ақпараттық орталықтарда азаматтарға тегін консультация жүргізіледі. Порталдағы электронды қызметтер үшін колл-центр қызметі де іске қосылған.
Компания қызметкерлерінің ынтымақтастығымен, жаңашыл дизайнымен ерекшеленеді. Бастысы өз саласында бәсекеге қабілетті әрі цифрландыруға сүбелі үлес қосыпкеле жатқан бірден-бір орталық.
Аяулым ӘБДІЛДА,
«Адырна» ұлттық порталы