Вакцинадан бас тартқандар үлесі 0,12 пайыз ғана - сарапшы

1103

Қазақстанда 2019 жылы екпеден бас тартудың 6003 оқиғасы тіркелді. Бұл - барлық  клиенттердің  бір пайыздан кемі.  Елордадағы №4 емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Виктория Виниченко осылай мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Соңғы жылдары барша әлемдегі сияқты Қазақстанда да екпелерге қатысты әртүрлі пікірлер айтылуда. Атап айтқанда, вакциналау арқасында кейбір ауру түрлері толықтай жойылды десек те болады», - деді В. Виниченко Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференцияда.

Оның пайымынша, вакцинаға қатысты қате немесе орынсыз пікірлер тарап жүр.

«Қазақстанда екпеден бас тартатындар саны өте көп деген жалған мәлімет. 2019 жылы вакцинадан бас тартудың 6 003 фактісі тіркелді, бұл өз кезегінде 1 пайыздан кем, яғни 0,12 пайыз шамасында», - деп нақтылады дәрігер.

Оның айтуынша, аталған мерзімде 4 841 334 балаға екпе жасалды, соның ішінде иммунизациядан кейін қолайсыз көріністер 143 балада (0,003 пайыз) байқалды. «Фактіге сүйенсек, 2019 жылы Қазақстанда жарақаттан көз жұмған балалар саны 1 200 болса, ал вакцинадан – 0», - деді Виктория Виниченко.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар