Кәрім Мәсімов пен Нұрлан Ермекбаев генерал-лейтенант болды

3898
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/200316171748825e.jpg
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы  Ақорда хабарлайды. генерал-лейтенант әскери атағы: Бектанов Мұрат Кәрібайұлына, Дәндібаев Тимур Тұрарұлына, Ділманов Дархан Айтқалиұлына, Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлына, Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлына; әділет генерал-лейтенанты әскери атағы Сартаев Дастан Шаймерденұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы Мәсімов Кәрім Қажымқанұлына; 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Асылов Берік Ноғайұлына; генерал-майор әскери атағы: Жазин Серік Кенжетайұлына, Жоламанов Асқар Ахметұлына, Жүсіпов Асан Қуанышұлына, Ильин Юрий Викторовичке; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Әмірханов Асқар Баймерденұлына, Қадырбеков Жанқозы Зекенұлына, Манжуов Нұрғанат Нұрбапаұлына; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Сағымбаев Ермек Алдабергенұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Жұмаханбетов Ералы Мұсалиұлына, Калайчиди Алексей Дмитриевичке, Сәденов Ержан Сапарбекұлына, Таймерденов Қанат Даниярұлына; 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Мырзакеров Бауыржан Қыпшақұлына, Сүлейменов Тимур Қайырбекұлына; 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы: Бектенов Олжас Абайұлына, Қабдула Шыңғыс Қайыпұлына берілсін.   Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 мамыр   № 323
Комментарии