Ауыл шаруашылығы министрі Ақмола облысының егін егуге дайындығын тексерді

2857
Adyrna.kz Telegram

Ауыл шаруашылығы министрi Сапархан Омаров жұмыс сапарының шеңберiнде Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевпен бiрге ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлердiң блок-постылар арқылы кедергiсiз өтуiнiң қамтамасыз етiлуi бойынша жұмысты тексердi және көктемгi-дала жұмыстарының барысымен танысты.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Ғалымжан Әбдiхалықов ауыл шаруашылығы саласындағы ағымдағы ахуал туралы баяндап бердi. Ағымдағы жылы Ақмола облысында жазғы егiн егу көлемi 4,9 млн.га құрайды, оның iшiнде: астық дақылдары — 4,4 млн.га, майлы дақылдар — 254,0 мың га, мал азығы дақылдары — 181,0 мың га. 16,1 мың га алқапта картоп, 3,0 мың га астам алқапта көкөнiс отырғызу жоспарлануда.

Облыста егiн егу науқанына дайындық белсендi жүргiзiлуде. Өңiрде шамамен 530 мың тонна тұқым бар, ол қажеттiлiктен — 100,1%. Ағымдағы жылы элиталы тұқым себу 23,3% ұлғайтылып, 365 мың га құрайтын болады.

Өңiрде топыраққа минералды тыңайтқыштарды енгiзу ауданын ұлғайту (1,0 млн.гектардан 1,6 млн.га дейiн) және суармалы жерлердiң ауданын кеңейту (24,1 мың гектардан 28,6 мың га дейiн) жолымен өнiм түсiмiн арттыруға қол жеткiзу жоспарлануда.

2020 жылғы егiн егу науқанында 14,3 мың трактор, 16,1 мың астық дестегiшi және 1,2 мың жоғары өнiмдi кешен тартылатын болады, олармен 70% астық сынасынан астам алқапқа егiн егу қарастырылуда. Техниканың 100% толық дайын.

Шаруашылықтардың барлық санаттарымен 23,1 мың тонна ет, 62,7 мың литр сүт өндiрiлдi (өсiм 2,9%) және 203,9 млн. жұмыртқа алынды. IҚМ мал басы 3,0% (502,1 мың мал басын құрайды), ҰҚМ 1,5% (640,0 мың мал басы), жылқы 6,4% (201,6 мың тұяқ), құс 1,5% (7,6 млн. құс) көбейдi.

Ағымдағы жылы еттi және сүттi мал шаруашылығын дамыту шеңберiнде 7,6 мың мал басын сатып алу арқылы еттi фермалар құру, сондай-ақ 2,4 мың мал басымен 18 сүт-тауарлы ферма құру бойынша 111 жобаны жүзеге асыру басталды.

Сондай-ақ, Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Министрден ұн өндiрiсiнiң өсу қарқынын төмендетуге жол бермеу мақсатында 2020 жылға қаржы қаражатын қосымша бөлуде көмек көрсетудi өтiндi.

Жұмыс сапарының барысында Министр С.Омаров Ақмола облысының бiрқатар фермерлiк шаруашылықтарына, атап айтқанда Ақкөл ауданында «Еңбек» ЖШС, Бурабай ауданында «Әбдiрахманов» ЖК және «Журавлевка — 1» ЖШС болды.

«Еңбек» ЖШС ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiрумен және 1 474 мал басы жалпы санымен ет-сүт бағытындағы iрi қара мал өсiрумен айналысады.

Кәсiпорын 80 млн.теңгеге жаңа сиыр сауу қондырғысымен жабдықтау арқылы сүт-тауарлы ферманы реконструкциялады, 2012 жылы 220 млн.теңгеге «Симментал» австриялық тұқымды құнажын IҚМ 289 мал басын әкелдi. 2020 жылы 13 мың га егiн егу жоспарлануда, оның iшiнде астық және бұршақ дәндi дақылдар — 11,6 мың га, майлы дақылдар (зығыр) — 100 га, мал азығы дақылдары — 1,2 мың га.

Директоры Қуаныш Рақышевтың айтуы бойынша 2011 жылы 9 мың тонна қуаттылығымен кептiру кешенi, 2018 жылы 455 млн.теңгеге «PETKUS» тұқым желiсi салынды, ол тазалаудың 6 түрiн қамтиды және таза тауарлы астық алуға мүмкiндiк бередi. Негiзгi өткiзу нарығы — «Сүт» АҚ, «Төңкерiс» АҚП» ЖШС, Нұр-Сұлтан қ. базарлары, өте таза органикалық өнiм Еуропаның Бельгия, Дания, Италия сияқты елдерiне жеткiзiледi, 2017 жылы салынған әрқайсысы 60х42 м үш қаймада сақталады. Қазiр мұнда: бидай — 1300 тонна, қызыл жасымық — 350 тонна, жасыл жасымық  — 150 тонна, қарақұмық — 50 тонна, бұршақ — 98 тонна, зығыр — 100 тонна. Сақтаудың жобалық қуаттылығы — 4000 тонна. 2020 жылғы жоспарланған егiн егу алқабы — 13 мың га, оның iшiнде астық және бұршақ дәндi дақылдар — 11,6 мың га, майлы дақылдар (зығыр) — 100 га, мал азығы дақылдары — 1,2 мың га.

Кәсiпорынның алдағы уақыттағы экспорттық әлеуетi талқыланды және серiктестiктiң ауыл шаруашылық техникасы көрсетiлдi. 5 HORCH АГРО-СОЮЗ ATD егiн егу кешенi, BUHLER VERSATILE тракторларымен — 2 дана, CASE — 1 дана, New Holland — 2 дана. Шаруашылық жүргiзетiн субъектiде тракторлар — 47 дана, астық жинау комбайндары — 35 дана, жүк автомобильдерi — 23 дана.

Бiрiктiрiлген сүт-тауарлы ферма — «Әбдiрахманов» ЖК Чехия мен Словениядан әкелiнген «Симентальский» тұқымын өсiредi. Директоры Болат Әбдiрахмановтың айтуы бойынша 2015 жылдан берi кәсiпорын Агрокредиттiк корпорация арқылы «Сыбаға» және «Агробизнес-2020» бағдарламалары бойынша алынған 320 млн.теңге кредит қаражатын игердi. Чехиядан сауын сиырдың 146 мал басы мен жабдық, Чехия мен Словакиядан құнашынның 109 мал басы сатып алынды. Сүт негiзiнен Зерендi ауданының Садовое а. Milk Project Milk Project ЖШС жеткiзiледi. Министрмен кездесуде ЖК директоры кредиттiк өтiнiмдердi қарау мерзiмiн қысқарту мүмкiндiгiн қарастыруды өтiндi.

Сондай-ақ, Сапархан Омаров және Ермек Маржықпаев «Журавлевка-1» ЖШС-да көктемгi-дала жұмыстарының барысымен танысты. Өткен жылы мұнда 34 мың тоннадан астам өнiм алынды, бұршақ тұқымды және майлы дақылдар өсiрiледi. Шаруашылықта 54 мың га жерi бар, 2020 жылы серiктестiк 31 мың га астам алқапта егiн егудi жоспарлауда, оның iшiнде: бидай — 7,7 мың, арпа — 12,8 мың, рапс — 5,8 мың, зығыр — 4,4 мың. Бүгiнгi таңда, компания егiн егу науқанына толығымен дайын.

Ақмола облысы

Пікірлер