Министр Біртановтың мына жағдайдан хабары бар ма?

3431

Алматы қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында (Городская клиническая инфекционная больница имени И. С. Жакеновой) 30-дан аса адам емделіп жатыр. Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда емхана дәрігерлері жұқпалы дерттен қорғайтын киімді (Противочумный костюм) алғашқы күні алған. Бір киіп тастайтын киімді содан бері ауыстырмаған.
Ол аз болса, дәрігерлерді Гоголь көшесіндегі "Отырар" қонақүйіне карантинге жатқызыпты. Бірақ, тамақпен қамтамас етпепті. Біздің өміріміз үшін арпалысып жүрген батыр дәрігерлеріміз қазір аш қалмау үшін өздері дүкен-дүкендерді кезіп жүрген көрінеді (жалақылары тамаққа кетіп жатыр).
Басшылық 3 уақыт киім ауыстыратынын айтып, бәрі керемет деп журналистерді шығарып салады екен.
Маған хабарласқан дәрігердің інісінің жазған хаты сақтаулы тұр. Басқасы құрысын, өлім мен өлім арасында жүрген осындай мамандардың жағдайын жасап бере алмасақ, біз мынау аты жаман індетті қалай жеңеміз?
Мәселені ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Берік Уәли, Karin Erlan ағаларымыз жеткізсе деймін. Бұл жайт Ақорда жақтан шешілмесе, төмен жақ шындық үшін шырылдаған дәрігерлерді кінәлі ете салуы мүмкін.
Маған аманат жүктелді. Сол аманатқа қиянат жасамай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің назарына тастадық, міне! Мәселеге министр Yelzhan Birtanov мырза бей-жай қарамас деп ойлаймын! Қытайлардай дәрігерлерге құрмет көрсете алмасақ та, жағдайын жасап беруге болады ғой!

Қанат Әбілқайыр 

"...
Пікірлер