Қазақстан неге вирус ең көп тараған елдердің тізіміне еніп кетті?

6134
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптада Сауд Арабиясының Туризм министрлігі коронавирус аурулары көп тіркелген елдердің азаматтарына виза беруді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

«Коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Италия және Қазақстан азаматтарына туристік электронды визалар беру тоқтатылды. Сонымен бірге бұл елдердің азаматтары Сауд Арабиясының әуежайларына келгенде туристік визаларды ала алмайды», - делінген  ақпараттар тарап кетті.

Ал енді бүгін осы жайтқа байлынысты  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен түсініктеме берді.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары  Шахрат Нұрышев

«БАҚ-тарда тараған мәлімет дұрыс емес. Коронавирус таралған елдердің тізімінде 7 мемлекет болды. Расында бұл шектеулер 24 елге қатысты болды.. Ол жеті ел Сауд Арабиясы әуежайына келгенде ғана виза ала алатын 49 елдің тізімінде бар. Қалған 14 ел болса, виза рәсімдеген соң ғана елге кіре алады.

Мәлімет дұрыс таралмады. Сол себепті бізде де коронавирус бар сияқты ақпарат таралды», – деді.

Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшиннің айтуынша  шектеу негізі  барлық елдерге енгізілген. Бірақ ақпараттың дұрыс таралмауынан тек жеті елдің арасына Қазақстан да еніп кеткен.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер