Коронавирустан қаза тапқандардың саны 1775-ке жетті

6882
Adyrna.kz Telegram

17 ақпандағы таңғы жағдай бойынша бүкіл әлем бойынша коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалпы саны 71 326 адамнан асты, құрбандар саны - 1775 адам. Тағы 10 610 науқас ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Қытайдың Денсаулық сақтау органдарына сілтеме жасап  Тengrinews.k хабарлайды.

Өлімнің басым көпшілігі және жұқтырудың расталған жаңа жағдайлары Қытай аумағында, атап айтқанда инфекция ошағы орналасқан Хубей провинциясында тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейесус "бұл індеттің қай бағытта дамитынын болжау мүмкін емес" деп мәлімдеді.

"Қытай біз үшін біраз уақыт берді, бірақ біз қанша екенін білмейміз. Ең бастысы, бұл вирус Денсаулық сақтау жүйесі әлсіз елдерде қалай дамитынына алаңдаймыз", - деді ол.

Пікірлер