Жақсы адамды елден қуа ма? (видео)

4460
Adyrna.kz Telegram

Кеше Қордайдағы қазақ-дүңген қақтығысына қатысты жиында бірқатар жайттар ашып айтылды.

Белсенділер жақсы адамды ешкім елден қумайтынын бас айтты.

«Мысалы, осы дүңген халқы туралы әлеуметтік желілерде мағлұмат түсті. Қытайдан 150 жыл бұрын бұларды Қытайдан қуып шықты. Жақсы адамды елден  кім қуады?! Келді, жерімізді бердік, төрімізді бердік. Ал енді істеп отырғанын көріп отырсыздар»,-деді халық алдында сөйлеген белсенділер.

Сондай-ақ жергілікті халық арасында  а дүңгендерге қатысты  сан мыңдаған келеңсіз фактілерді айтуға болатынын да баса айтқандар да болды.

«Осыған дейін халықтың қаны қайнап, жігері әбден жүнжіді. Заң органдары  біздің жергілікті халықтың балаларын қамайды. Бұл қандай заң?! Қандай мемлекетпіз біз?! Өз елімізде, өз жерімізде жүріп өзіміздің құқығымызды қорғай алмасақ, өзіміздің бала-шағамызды қорғай алмасақ, несіне жүрміз»,-дейді бейнежазбада сөйлеп тұрған азамат.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер