Уханьнан келген студент қазақстандықтарға үндеу жолдады

4681
Adyrna.kz Telegram

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов Уханьнан эвакуацияланған студенттер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

«83 қазақстандық карантинге жатқызылды, олардың 80-і студенттер. Олардың барлығы «Нұр-Сұлтан»  көпсалалы ауруханасына жатқызылды. Аурухана жаңа, мамандандырылған, қауіпсіздік жүйесі күшейтілген. Әр қабаттағы камерада жеке желдету жүйесі бар. Бұл «таза бөлмелер» деп аталатын өте жақсы жүйе», - деді Нұрқан Сәдуақасов.

Оның айтуынша, ұшақтың бортында дәрігерлер Уханнан келгендердің қызуын өлшеп, жағдайларын бақылап отырған.

«Ұшақта оларды біздің санитарлық дәрігерлеріміз және эпидемиологтар алып жүрді. Бір әйелдің температурасы 37,2, бірақ ол ешқандай коровирустың қауіпін көрсетпейді.  Жағдайлары жақсы», - дейді Нұрқан Сәдуақасов.

Сондай-ақ ол көпсалалы аурухананың инфекциялық бөліміндегі камералар бір-бірінен оқшауланғанын айтты.

 

«Сутденттер Қазақстанның барлық қалаларынан яғни  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Семей, Алматы облысы, Қарағанды аймақтарының тумасы. Болардың барлығы біздің талаптарымызға келіседі. Біз барынша сақтық шараларын қабылдауға міндеттіміз », - деп толықтырды Нұрлан Сәдуақасов.

«Нұр-Сұлтан» көп профильді медициналық орталығы, инфекциялық бөлімі директорының орынбасары Сәуле Атығаева карантинге ұшыраған адамдардың жағдайы туралы айтты.

«Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Олардан шағымдар түскен жоқ,  дене қызуы қалыпты. Медициналық бақылау бүкіл инкубация кезеңінде жалғасады», - деп қорытындылады дәрігер.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында пациенттермен аурухананың қалалық телефондары арқылы байланысуға болатыны айтылған. Себебі Уханьнан келгендердің үялы телефондары залалсыздандыру мақсатында алынған.

Сайтта Уханьнан келген қыздың жолдаған үндеуінде былай делінген:

«2016 жылдан бастап Ухань қаласындамын.  22 қаңтарда қалада карантин жарияланған кезде, эвакуация жоспарын жасадық, өйткені, біз белгісіз жағдайға тап болдық. Соңғы сәтке дейін Қытай басқа елдер үшін әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат бермеді », - деді Уханьнан келген қазақстандық студент.

Қыз туыстарын осы ауруханада жатқан адамдарға «олардың жағдайы жақсы» деп алаңдамауға шақырды.

«Қытайда ұзақ уақыт болған жігіттер өз нөмірлерін тіркей алмады, ал Қазақстанға келгенде олардың нөмірлері өшірілді. Ата-аналары эвакуация жоспары бойынша біз Қазақстанға келгенімізді біледі, бірақ біз кім және қай палатада екенімізді білмейміз», - деді ол.

Сондай-ақ ол отандастарға және ел басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

«Құрметті қазақ халқы! Біз бәріміз елге келдік, дәрігерлердің бақылауындамыз. Бізді шын жүректен уайымдайтындардың барлығына көп рахмет », - деп сайт қыздың сөзін келтіреді.

Пікірлер