"Зенит" Бауыржан Исламхан туралы шешім қабылдады

1485

Санкт-Петерборлық «Зенит» өзінің ресми сайтында Испанияға екінші қысқы оқу-жаттығу жиынына аттанған құрамы туралы жазба жариялады.

Екінші ожж «Зениттің» 27 ойыншысы аттанды. Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан алғашқы Катардағы қысқы оқу-жаттығу жиынын питерлік клубпен өткізіп, екі матчқа қатысқан болатын.

Ресейлік БАҚ болса, Исламханның деңгейі Ресейдің қазіргі чемпионына сай емес екенін жазуда. Тағы бір ақпарат бойынша Ирак ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Хади Сафа "Зенитке" ауыспақ. Бауыржан Исламханның позициясына. Бұл трансферге "зениттік" шабуылшы Сердар Азмун тікелей әсер етуде дейді білетіндер.

1 ақпанда «Зенит» Люксембургтың "Дюделанж" командасымен жолдастық кездесу өткізеді, ал 9 ақпанда олар Мәскеулік ЦСКА-мен кездеседі.

Екінші ОЖЖ-дағы «Зениттің» құрамы:

Қақпашылар:
Михаил Кержаков
Андрей Лунев
Александр Васютин

Қорғаушылар:
Вячеслав Караваев
Игорь Смольников
Бранислав Иванович
Ярослав Ракицкий
Иордания Осорио
Данила Прохин
Дуглас Сантос
Юрий Жирков
Данил Круговой

Жартылай қорғаушылар:
Магомед Оздоев
Леон Мусаев
Вилмар Барриос
Далер Кузяев
Александр Ерохин
Роберт Мак
Малком
Олег Шатов
Алексей Сутормин
Кирилл Капленко

Шабуылшылар:
Себастьян Друсси
Артём Дзюба
Сердар Азмун
Илья Воробьев
Даниил Шамкин.

Пікірлер
Редакция таңдауы