"Ордабасы" Еуропа Лигасынан қуылды

3496
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік «Ордабасы» командасы Еуро кубоктың 2020/21 жылғы маусымынан қуылды.  2021/22 маусымда Еуропа кубогына қатысуға жолдама ұтып алса да қатыса алмайтын болды деп хабарлайды  УЕФА-ның ресми сайты.

Қазақстандық клуб Fair Play қаржылық ережелерін бұзғаны үшін жазаланып, 100 мың еуро көлемінде айыппұл салынды.  «Ордабасы»   2021 жылғы 31 қаңтарға дейін 2019 жылдың 30 қыркүйегіне кешіктірілген кредиторлық берешектерін төлегенін дәлелдей алса,  жазадан босатылады.

«Ордабасы» командасымен бірге словениялық «Олимпия» командасына қаржылық Fair Play ережесін бұзғаны үшін 75 мың еуро, ал сербиялық "Црвена Звездаға" 50 мың еуро айыппұл салынды.

«Ордабасы» келесі жазда ЛЕ-де ойнамайды. Шымкенттік клуб ҚПЛ-2019 турнирінде қостанайлық «Тобылды» басып озып, қола жүлдегер атанған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы да «Ордабасы» салық қарызы үшін Еуропа Лигасынаннан шығарылып, шымкенттіктердің орнына еуро бәсекеде «Тобыл» ойнаған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер