ҰҚК "Олимп" букмекерлік кеңсесіне қатысты тергеу бастады

4521
Adyrna.kz Telegram

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуге бастамашы болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Тергеу деректері бойынша, компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын бұза отырып, белгілі бір табыс табумен интернет-ресурс арқылы лицензияланбаған әрекетті жүзеге асырған. Тиісінше, осы салаға салық салынбаған. Қазақстан шегінен тыс ақшалай қаражатты заңсыз шығару арналары анықталып, оқшауланды.

Қаржы қылмыстары саласына жататын өзге де әрекеттер тіркеліп жатыр. 2019 жылғы 29 қарашада Алматы қ. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Олимп" БК сауда белгісімен "Only bet" ЖШС және "Alpha bet" ЖШС берілген лицензия қолданысын 6 ай мерзіміне тоқтатты. Қазіргі уақытта "Олимп" БК заңсыз әрекетінің, сондай-ақ салық заңнамасын бұзудың нақты ауқымын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

https://kaz.tengrinews.kz/crime/ukk-olimp-bukmekerlk-kensesne-katyistyi-tergeu-bastadyi-303213/

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер