Қазақстан мен Қытай көліктік ынтымақтастық мәселелерін талқылады

3726
Adyrna.kz Telegram

2019 жылғы 31 қазан – 1 қараша аралығында Бейжің қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан-Қытай Көлік саласындағы ынтымақтастығы аясында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Берік Камалиев пен Қытай Халық Республикасы көлік Министрінің орынбасары Лю Сяоминьнің төрағалығымен Көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай Кіші комитеттің жұмыс тобының 12-отырысы өтті.

Отырыс шеңберінде тараптар 2018 жылы және 2019 жылдың тоғыз айында тасымалдау көлемі туралы ақпаратпен алмасты, Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы Қазақстан-Қытай келісімін іске асыру, Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдарына мониторинг жүргізу, Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары саласында бірлескен кәсіпорындар құру, рұқсат бланкілерін беру және өтеу, халықаралық автомобиль маршруттарын ашу, азаматтық авиация саласындағы мәселелер, сондай-ақ ҚР аумағы арқылы ҚХР контейнерлік пойыздармен транзиттік жүк тасымалдарын дамыту перспективалары талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер