Болмай қалған әкім. Алматы басшылығына ұсынылған екінші үміткер кім?

1206
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы басшысы қызметіне екі үміткер ұсынылған. Соның бірі  Дархан Сатыбалды қалалық мәслихатта басым дауыс жинап, Алматы әкімі атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматы әкімі қызметккерінен үміткер болған екінші шенеунік — Бейбіт Шаханов.

Ашық дауыс беру нәтижесінде Дархан Сатыбалдыны 23 депутат қолдаса, екінші үміткер — Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов 9 дауысқа ие болды.

Мәслихат отырысына қатысқан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жаңа әкімге жүктеген бірқатар маңызды міндеттерін жариялады. Атап айтқанда, Алматының инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту, қоғамдық кеңістіктерді кеңейту және қаланың экономикалық құрылымын әртараптандыру негізгі басымдықтар ретінде аталды.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов 1979 жылы туған. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін; Қазақ мемлекеттік заң университетін; Қазақ коммерциялық-қаржы академиясын; Ланкастер университетін (Ұлыбритания) бітірген. Еңбек жолын Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жетекші маман ретінде бастады.

Әр жылдары Қаржы министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарды.

2015-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінде жұмыс істеді. Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылғы мамырдан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы, кейін әкім орынбасары болып жұмыс істеді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер