Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

1131
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін ол ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын.

Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

2012-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ұлан ауданының және Семей қаласының әкімі қызметін атқарған.

2021-2022 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі лауазымында еңбек етті.

2022-2023 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болды.

2023 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер