Kaspi-дің акционері басқа банкті де сатып алмақ

1009
Adyrna.kz Telegram
Фото: exclusive.kz
Фото: exclusive.kz

Kaspi.kz акционері әрі директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алуға өтінім беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Мен Jusan Bank акцияларының 97,5% сатып алуға өтініш бердім. Қазір бұл өтінім қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қарауында. Реттеуші өтінімді егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шешім қабылдайды. Мен бұл мәміленің Kaspi.kz компаниясына қатысы жоқ екенін атап өтемін", - деді кәсіпкер Ким.

Заң бойынша жасасу үшін мұндай келісімді әуелі алу міндетті, кейін 50 жұмыс күнге дейін өтінім қаралады. Мәміленің егжей-тегжейі туралы ақпарат әлі таралмады.

Пікірлер