Әли Әлиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы экс-шабуылдаушы Тимур Сисенов мәлімдеді.
44 жастағы Әлиев бұған дейін "Қызылжар", Қарағандының "Шахтері", "Астана-Жас" және "Женис" командаларын басқарған.
Айта кетейік, 27-ші қаңтар күні еліміздің футбол федерациясы бас бапкер Станислав Черчесовтың жұмыстан кеткені туралы мәлімдеді. Онымен бірге ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылар штабы да жұмысын тоқтатқан еді.