Орал қаласында студенттер мен оқушыларды тонау және бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінген қыздар ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Тергеу деректеріне сәйкес өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентіне мәжбүрлеп 40 мың теңге аудартқан.
«Тергеу барысында ұсталғандардың бірі басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген»,—делінген хабарламада.
Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.