Аралдың су көлемі 42 пайызға артты

1822
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесінде теңіздегі су көлемі ұлғайды. Бұл туралы бүгін, 13 қаңтарда Су ресурстары және ирригация министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша теңіздегі су көлемі 42 пайызға өсіп, 27 млрд текше метрге жетті. Судың тұздылығы төрт есеге жуық төмендеді, ал жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға дейін жетті»,—делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңін іске асыру мәселесі қарастырылып жатыр. Министрліктің мәліметінше, жоба негізгі 3 негізгі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыру, су ресурстарын басқаруды жақсарту, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамыту, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша маңызды іс-шаралар қарастырылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер