Мұз айдында мәдениет мүлгімесін

284
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Қара күшпен өнерді қосақтаған құдірет болса ол ұлт рухы. Әлем елдеріне әлеуітін әйгі етуде құр жеңістің әлсіз қару боларын ұлтшыл ұлт жақсы ұғады. Алған алтыны асыл өнерімен астаспаса мәнін жоғалтарын сезеді. Биік тұғырға шыққан тұлғаның болмысынан ұлт бейнесі аңдалса жеңістің өзін жеңгені де. Қазеқемде мұны әсте қалақайдай дүние көрмеген-ді. Содан да мұз үстінде қазақ өнерінің отын маздатып келеді. 

Бұл жолдың шүу басын Денистің дөңгелетіп бергенін біреу білсе, бірі білмес. Сочидегі Олимпиада ойындарынан бір жыл бұрын «Денис және оның достары» мұз қойылымы жарыққа келді. Сонан бері қазақтың ән-күйі мұз шықырына әуезді ырғақ қосып келеді. 

2014 жылы қоланы қанжығасына байлаған төрткүл дода да асылымызды күллі әлемге паш еткені,  үштікке ілінген жеңісінен де ыстық. Жарыс аяқталысымен өтер қойылым кеште «қоланы алған қазақ па?» деген таңданысқа Ер Тұранның  «Толғауымен» тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қойғаны бар. Міне, өнер мен күштің қосарланғаны. Қазақ мәдениетінің ұл болмысынан айшықтылғаны да бұл.

Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен қойылым кешінде мұз жұлдызымыз 2015 жылға тарихи сәтті таңбалаған еді.  Жарғақ құлағы жастыққа тимейтін жанкүйерлер мен  шеттен келген атақты спортшылар  қазақтың ұлттық киімімен өнерін өрнектегенін тарих тағылымы демей не дерсің?!

Сондағы Денистің жүрекжарды лебізі:

«Бұл нағыз тарихи сәт. Тарихты біз сіздермен бірге жасаймыз.  Бас мақсұтым– қазақ елінің атын шығару, қазақтың мәнерлеп сырғанауына әлемнің қызығушылығын ояту. Қазақ елінің мәдениетін әлемге танытқым келеді. Сол жолда ешқашан аянып қалмаймын».

Ұлт болмысын сіңірсе қай нәрсе де өлмек емес, мәңгі жасайды!  Рухымызды асқақтатқан Денис болса, қазақ деп алқынған тамыр соққысын сездірген монданақтай аруымыз тағы бар.

Ұлы өнерімізбен ұлттың рухын көтерген Айза Имамбекова.  2017 жылғы қысқы универсиада да Алматының қақ төрін дүбірге бөлеген.  Денис Тен қазақ әуенін қойылым кешке алып шықты, ал Айза атақты «Көроғлы» күйімен сайысқа түсті. Сонда талай сарапшыларды күй ырғағы тәнті еткен.

Айзаның сөзінше, әуелде қазақ күйлеріне бағдарламаларды сырғанау әкесінің ойы болған. Бала кезінен  қазақ шығармаларына сырғанаған. Кейін бұл дәстүрге айналған. 

 2020 жылғы маусымда Ұлытаудың «Жұмыр-қылыш» әуенімен қазақ мәдениетін таныта түсті. «Мен мұзға шыққан да елім үшін патриоттық сезім оянады»,- деген Айза қашанда ұлттық нақышты әспеттеп келеді.

 Қазақтың биші жұбы Гаухар Наурызова мен Боинсагур Датиев  еркін бағдарламасын нақышты қазақ әуенімен құраған. Әлемдік айдында «Ақсақ Құлан» күйімен өнер көрсетіп, ел мәдениетін танытып келеді.

 

Қазақ мәдениетін қабылдаған ақ айдын 

Мұздағы бұралаң қимылға әр беретінін қазақ әуені әлемге мойындатты. 2022 жылғы Пекин Олимпиадасында Латвиялық Денис Васильев Абай Құнанбаевтың «Айттым сәлем, Қаламқас» әніне билеп үздіктер қатарына кірді. Абайдың әнімен төрт құрлық біріншілігін де қоланы еншілегені тағы бар. Оның жаттықтырушысы – қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің досы Стефан Ламбель. Спорттағы мәдени ынтымақтастық деген осы болар сірә да!

Мұз айдынды бағындырған, Олимпиада жеңімпаздары Анна Щербакова, Роман Костомаров, Евгения Медведева, Татьяна Тотьмянина, Тарасова мен Морозов жұбы Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әндермен өнер көрсеткен. Мұндай үрдіспен қазақ әуені менмендеп тұрған батыс шығармашылығынан асып түсері хақ! Айза Мамбекованың сөзіне сүйенсек,  күйлердің мұз үстінде енді ғана қойылып келе жатқанына қазақ фольклорының алуандығы мен қойылым қоюдың қиындығы себеп. Расында, қазақтың шығармашылығы күрделі, оны  мұз үстінде сезіммен орындап шығу кез-келгеннің қолынан келетін дүние емес!

Әлемдегі озық елдердің мәдениетін әспеттеуге септескеннің бірі ол – спорт. Ақ үстінде күш пен өнерді егіз еткен елдің тарихы мәңгі жасайды.

 Мұз айдында қазақ мәдениеті мүлгімесін!

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Франклин опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер