Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Қытайда өткен жарыста күміс медаль иеленді

1567
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ҰОК
Сурет: ҰОК

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Чунцин қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 93,21 ұпай еншіледі. Ал еркін бағдарламадағы өнері үшін ол 182,96 ұпай жинады. Жалпы есеп 276,17 ұпай болып, отандасымыз жарысты күміс медальмен аяқтады.

Бірінші орынды жапондық Сюн Сато 278,48 ұпаймен жеңіп алды. Үздік үштікті француз Адам Сяо Хим Фа 252,53 ұпаймен түйіндеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер