Шардара аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Еліміздің рухын көтерген - спорт саңлақтары” атты қол күрестен әлем чемпиондарымен мотивациялық кездесу өтті. Басқосу “25 қазан - Республика күніне” орай ұйымдастырылды.
📋Кездесу мақсаты - жастарға тәлім-тәрбие, рухани бағыт-бағдар мен өмірлік мотивация беріп, еркін пікір алмасу.
📑Аталмыш басқосуға армрестлингтен әлем чемпиондары Ердәулет Мұхамбетов, Мейрамбек Ерсайын мен Бекжан Қожантай қатысты. Жиынға облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің БАҚ пен қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ақтөре Мейіржанұлы модераторлық етті.
🔹Шара барысында спикерлер өздерінің спортта жеткен жетістіктері, кәсіби мансабындағы тәжірибелерімен бөлісіп, тұлғалық дамуға қатысты бірқатар келелі ақыл-кеңестерін берді. Үлкен жетістіктерге жету жолында алға қойған мақсатқа жетуге ерік-жігер беретін сенімділік туралы баяндады. Жастар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
🔹 Кездесу соңы әуесқой жастар арасындағы қол күрестен сайысқа ұласты. Armrestling ережесіне сәйкес өткен жарысқа 18-34 жас аралығындағы әуесқой жастар қатысты. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Жарыс қорытындысына сәйкес жеңімпаз атанғандар тізімі төмендегідей:
1️⃣-орын: Амангелді Нұрлан (Созақ ауданы)
2️⃣-орын: Тұрсынбай Эльдар (Сауран ауданы)
3️⃣-орын: Талбай Нұрқасым (Созақ ауданы)Ә