Түркістанда көшпенділер ойыны өтті

371
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Түркістан облысының таулы аймағы Төлеби ауданында аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен облыс жастары арасында “Көшпенділер ойыны” өтті. Ауданымызда дәстүрлі түрде төртінші рет ұйымдастырылған дода бұл жылы 25-қазан Республика күніне арналды. Бірінші мамыр ауылы, “Төлеби спорт клубы” КММ-де өткен бұл сайысқа “Облыстық жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы, аудандық ақсақалдар ардагерлер ұйымының төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық маслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров арнайы қатысып, барлық аудан, қаладан келген спортшыларға сәттілік тілеп, қолдау білдірді.

Айтулы дода дала дәстүрін, ұрпақтар сабақтастығын негізге ала отырып, халқымыздың тарихын, болмысын, дәстүрін жастарға кеңінен насихаттайды.

Ағымдағы жылы аудан, қаладан келген спортшылардан құралған 12 команда өзара 7 спорт түрінен, атап айтқанда, садақ ату, қазақ күресі, көкпар жекпе-жегі, мас-рестлинг, аударыспақ, алыптар сайысы және арқан тартысынан бәсекеге түсті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер