Бүгін “Достық үйі” ғимаратында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениеті» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға Қуанышбай Жұмаділдаев, Жанна Алдабергенова және Ербол Тұрсынбаев қатысып, киберқауіпсіздік пен интернеттегі мәдениет туралы баяндамалар жасады. Семинарды қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев жүргізді.
Семинардың мақсаты – киберкеңістіктегі ақпаратты дұрыс тұтыну мәдениетін қалыптастыру, интернеттегі ақпараттық қауіпсіздікке назар аударту және жалған ақпаратпен күресу жолдарын талқылау болды. Қатысушылар цифрлық ортада жауапкершілік пен мәдениет қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
«Ақпарат айдынында кемсітуге жол бермей, мәдениеттілікті сақтауымыз керек» - деді, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Садуақасова Айгүл Кәкімбекқызы.