Алматыда супермаркет қызметкеріне шабуыл жасалды

856
Adyrna.kz Telegram
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

13 қарашада Алматы қаласының Алмалы ауданында супермаркет бухгалтеріне қарақшылық қылмыс жасалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін таңертең 39 жастағы ер адам, дүкен қызметкеріне пистолет пен физикалық зорлық көрсету арқылы 400 мың теңге жымқырған. Кейіннен қарақшы  бет-әлпетін шарфпен жасырып, қашып кеткен, бірақ зәбірленуші дереу полицияға хабарлап үлгерген.

"Қарақшы жүзін шарфпен жасырып, қашып кеткен. Алайда әйел тез арада полицияға хабарлады. Тергеу-оперативтік топ құрылып, іздеу шаралары басталды. Күні бойы іздестірілген 39 жастағы күдікті қала орталығында, Абылай хан даңғылында ұсталды. Қылмыскер шабуылын мұқият жоспарлап, үлкен ақша ұрлауды көздегені анықталды. Күдікті қамауға алынып, пайдаланған газды тапанша сараптамаға жіберілді", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Пікірлер