Ресей Кривой Рог қаласына зымыранмен шабуыл жасады

525
Adyrna.kz Telegram
Сурет: hromadske.ua
Сурет: hromadske.ua

Ресей әскері Украинаның Кривой Рог қаласына зымыранмен шабуыл жасады. Бұл туралы 11 қарашада қалалық қорғаныс кеңесінің төрағасы Александр Вилкуль айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Баллистикалық зымыран тұрғын үйлерге түскен. Шабуыл салдарынан сегіз адам зардап шекті.

Днепропетровск облыстық әскери басқармасының басшысы Сергей Лысактің айтуынша, қазіргі таңда зардап шеккен төрт адам құтқарылып, бір адам емханаға жатқызылған. 11 жастағы баланың жағдайы орташа ауыр. 10 жастағы қыз сол жерде медициналық көмекке жүгінген.

Әзірге Ресей тарапы бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Пікірлер