Тоқаев Польша президентін құттықтады

951
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президенті Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Анджей Дуданы Польша республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында екі ел арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі.

Пікірлер