Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстанның атақты музыкатанушысы, педагог және ғылым кандидаты, өнертану кандидаты Пернебек Шегебаев дүниеден озды. Ол өзінің музыка саласына қосқан елеулі еңбектерімен, шәкірттерді білімге баулудағы қайраткерлігімен және қазақтың музыкалық мұрасын зерттеуге арналған еңбектерімен елге танылған.
Пернебек Шегебаев - М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті. Ол танымал музыка зерттеушісі Асия Мұхамбетованың шәкірті болған.
Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстанның атақты музыкатанушысы, педагог және ғылым кандидаты, өнертану кандидаты Пернебек Шегебаев дүниеден озды. Ол өзінің музыка саласына қосқан елеулі еңбектерімен, шәкірттерді білімге баулудағы қайраткерлігімен және қазақтың музыкалық мұрасын зерттеуге арналған еңбектерімен елге танылған.
Пернебек Шегебаев Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітіріп, кейіннен Ленинградтағы Н. Черкасов атындағы театр, музыка және кинематография институтында аспирантураны тәмамдады. Өзінің 43 жылын білім саласына арнаған.
Пернебек Шегебаев қазақтың аспаптық музыкасы мен домбыра күйлеріне арналған терең зерттеулерімен, монографияларымен және оқу құралдарымен танымал. Оның еңбектері ішінде «Қазақтың домбыра музыкасы: теория, тарих және әдістеме мәселелері» атты монографиясы, қазақ музыка әдебиеті бойынша қазақ және орыс тілдерінде жазылған оқулықтары және «Батыс Қазақстанның домбыра күйлері: дәстүрлі форма және дара стиль» сынды оқу құралдары ерекше орын алады. Ғалымның 70-тен астам ғылыми мақалалары қазақстандық және халықаралық ғылыми журналдарда жарық көрді. Оның шығармашылық мұрасы қазақ музыкалық мәдениетін зерттеуге және ұрпаққа жеткізуге арналды.
Пернебек Шегебаевтың ұстаз ретінде қазақ өнері мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі өте зор. Ол артынан көптеген шәкірттер қалдырды.