«Болғанынан болмағаны жақсы». Әкім рейтингке байланысты пікір білдірді

1445
Adyrna.kz Telegram

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс әкімдерінің рейтингіне қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Орталық коммуникациялар алаңындағы жиында «Жуырда 17 облыс пен үш мегаполистің әкімдерінің рейтингісі шықты. Аталған рейтингте сіз бірінші орында көш бастап тұр екенсіз. Жалпы мұндай рейтингтер «Арнайы тапсырыспен жасалады» деген болжам айтылады. Рейтинг бойынша бірінші орын алуыңыз арнайы тапсырыс емес пе? Жалпы өзіңізді үздік әкім деп есептейсіз бе?» деп әкімге сұрақ қойылды.

Нұрлан Телманұлы өзін үздік әкім санамайтынын ескертті.

«Мен үшін мұндай рейтингтің болғанынан болмағаны жақсы. Себебі осындай сұрақтар туындамайды. Мен ешқашан өзімді де, басқа әріптестерімді де менен жақсы немесе кем деп ойламаймын. Өйткені біз осы рейтинг үшін жұмыс жасамаймыз, кім не десе халықтың бағасы ең маңызды. Шәкәрімнің «Мансаптың тағы үшін, мақтанға салынғаннан аулақпын» деген дана сөзі бар.
Шынын айтуым керек, осы лауазымда жүрмін, бармын. Менімен қатар, тең жүрген әріптестерімнен мен артықпын деген жұмысқа бармадым және бармаймын да. Рейтинг туралы баспасөз хатшымнан «Мынау қайдан шығып жатыр, кім оны жасап жатыр?» деп бірнеше рет сұрағанмын. Мен мұндай рейтингтерді білмеймін. Ертең дәл осындай рейтинг шығатын болса, мен оған да қарамаймын. Мен өзімді бірінші деп есептемеймін», – деді облыс әкімі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер