Алматыда жол-көлік оқиғасы тіркелді

1432
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында өткен түнде жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұл жол-көлік оқиғасы бүгін түнгі 00:50-де Алматының Медеу ауданында болған.

Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Меңдіқұлов көшесі қиылысында  көлігін басқара алмай, сол бағытта келе жатқан Lexus автокөлігіне соқтығысқан. Одан кейін Toyota автокөлігі инерцияның әсерінен қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, шығыс бағытта келе жатқан BMW автокөлігімен соқтығысқан, — делінген Алматы полициясының баспасөз қызметі хабарламасында.

Осы жол-көлік оқиғасының нәтижесінде бес адам, соның ішінде Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Медеу ауданы полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер